Қарқаралы ауданында Көктасжал және Қызылшоқы кен орындарындағы жобаны іске асыру бойынша мыс кенін барлау мен өндіру ісінде инвестор ауысты. Жер қойнауын пайдалануға лицензия алушы АХҚО юрисдикциясында тіркелген қазақстандық Аltyndara компаниясы болды.
Кәсіпорын активімен кездесуде жаңа инвестор өкілдері тау-кен өндірісін кеңейту бойынша ауқымды жұмыс жоспарын таныстырды. Жобаны кезең-кезеңімен іске асыру барасында кірісті арттырып, 800-ден астам жұмыс орнын құруға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін мультипликативтік әсерді қалыптастыру көзделген.
Жалпы инвестиция көлемі 500 млн АҚШ долларынан асады. Оған жаңа кен алқабын игеру және Қызылшоқы тау-кен байыту комбинатын салу бойынша жұмыстар кіреді.
Кездесуге аудан әкімдігінің, жаңа инвестордың, құқықтық тәртіп органдарының өкілдері, сондай-ақ Теректі кентінің тұрғындары қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, Көктасжал және Қызылшоқы кен орындарында мыс кенінің қоры 50 млн тоннадан асады. Ал дәлелденген мыс кен орындары 500 мың тоннадан асады.
«Алтай Полиметаллы» компаниясы өндіруге лицензия алған кәсіпорын атанды.
«Altyndara» ЖК баспасөз қызметі


